Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы » М.Таипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Таипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)44531
Есепші бөлімі:
+7(72778) 44531
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2022

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

  1. «Алматы облысы Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Таипов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мектеп) заңды тұлға мәртебесін иеленген, коммерциялық ұйым емес, ол мемлекеттік коммуналдық мекеме – құқықтық – ұйымдастыру нысанында білім беру функцияларын жүзеге асырады. 
  2.      Мектептің жұмыс аптасы режимі, сабақ кестесінің тәртібі және академиялық сағатының ұзақтығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес анықталады. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесімен келісілген сабақ кестесі арқылы реттеледі. Сабақ кестесі білім алушылардың тамақтану үшін үзілісті қарастырады.

1.3.     Мектептің негізгі қызметінің нысаны жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

  1.      Мектеп өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі» заңдарын, Президенттің Жарлықтарын, Үкіметтің және орталық атқарушы органдардың қаулылары мен қарарларын және осы Жарғыны басшылыққа алады.
  2.      Мектеп Алматы облысы әкімдігінің 31 желтоқсан  2020 жылы  №545   қаулысына  сәйкес аудан  мектептерінің атауының өзгеруіне байланысты қайта тіркеуден өтті. 

1.6.     Мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Алматы облысы Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Таипов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 

  1. Орыс тіліндегі толық атауы: Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени М.Таипова с дошкольном миницентром» государственного учреждения «Отдел образования по Уйгурскому району Управления образования Алматинской области».      Мектептің құрылтайшысы және меншік иесі «Алматы облысы әкімдігі» болып табылады. Мектептің мемлекеттік басқару органы «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

1.8.            Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кіші Диқан ауылы, Н.Мажрунов көшесі № 12. Индекс 041810.

1.9.Мемлекеттік мекеменің қызмет мерзімі шектеусіз.

1.10.Меншік – мемлекеттік.

1.11   Мемлекеттік мекеменің түрі – коммуналдық.