Әлеуметтік педагогтің лауазымдық міндеттері » М.Таипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Таипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)44531
Есепші бөлімі:
+7(72778) 44531
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2022

Әлеуметтік педагогтің лауазымдық міндеттері

Әлеуметтік педагог қызметі, мақсаты мен міндеті
Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекші. Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.

Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады.
Мақсаты:
• мектеп әкімшілігімен және педагогтармен жұмысты үйлестіру;
• балалар мен ата-аналармен қарым-қатынас;
• балаларды әлеуметтік қорғау, олардың дамуын, тәрбиесін, білімін жандандыру.
Міндеттері:
• балалардың қажеттіліктері мен мүдделерін анықтау;
• олардың қиындықтары мен проблемаларын шешуге ықпал ету;
• жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алу;
• олардың әлеуметтік қорғалу және әлеуметтік ортаға бейімделу деңгейін анықтау;
• мұқтаж тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек және қолдау көрсету.





Әлеуметтік педагог жұмысының функциялары

Профилактикалық
• Мектепте де, отбасында да оқушының даму жағдайын зерттеу.
• Оның жеке даму деңгейін, психологиялық және физикалық жағдайын, отбасының әлеуметтік мәртебесін анықтау.
• Ата-аналарға педагогика, балалар психологиясы, құқықтық мәселелер бойынша ағартушылық көмек көрсету.
• Рөлдік ойындар, тренингтер сияқты әр түрлі оқыту және практикалық кездесулер өткізу.

Қорғаушылық
• Қолайсыз отбасылардың деректер банкін әзірлеу.
• Әр түрлі құрылымдарда баланың мүддесін қорғау үшін қажетті құжаттар пакетін дайындау.
• Бала мен ата-ана арасында қақтығыс туындаған жағдайда отбасылармен тұрақты түрде кездесулер мен топтық сабақтар өткізу.

Ұйымдастырушылық
• Білім беру процесінің барлық қатысушыларымен: пән мұғалімдерімен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен тұрақты, оның ішінде жеке консультациялар өткізу.
• Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және отбасы мен балалықты әлеуметтік қорғау жөніндегі әртүрлі қызметтермен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен тұрақты негізде байланыс жасау.
• Балаларды қосымша білім беру ұйымдарына тарту арқылы олардың жан-жақты физикалық дамуына ықпал ету.



Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
• ҚР Конституциясы
• Білім туралы Заң
• Бала құқығы туралы Конвенция\
• Бала құқығын қорғау Заңы
• Неке және отбасы туралы Заң