2019-2021жылғы анықтамалар » М.Таипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Таипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)44531
Есепші бөлімі:
+7(72778) 44531
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2021

2019-2021жылғы анықтамалар

«М.Таипов атындағы орта мектебі 

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

КММ директоры   М.Блаловқа

оқу ісі менгерушісі Р.Амраевтан 

2019-2020 ж өтілген жұмыстардың өтілуі туралы


Анықтамалар

2019-2020 жылдары  мұғалімдердің өз білімдерін көтіруге және

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыған және оқымаған мұғалімдер тізімі

 Пәндер

Мұғалімдер саны

ЖББ    

 сертификатталғандар

ЖББ     сертификатталмағандар

1

Қазақ тілі

6

3


3


2

Ұйғыр тілі

3

2


1

3

Орыс тілі

4

3


1

4

Ағылшын

3

2


1

5

Алгебра

4

4


0

6

Информатика

2

2


0

7

Физика

1

1


0

8

Химия

1

1


0

9

Биология

4

3


1

10

География

3

2


1

11

Тарих

5

5


0

12

Құқық

1

0


1

13

АӘД

1

0


1


14

Дене шын-у

6

4


2


15

Сызу

1

0


1


16

Технология

3

3


0


17

Өзін- өзі тану

1

0


1



музыка

1

0


1









18

Бастауыш сынып

8

8


0


19

МАД

2

0


2


20

Барлығы

60

43


17



Жаңартылған бағдарлама бойынша курсқа бармаған мұғалімдерге, аудандық әдістемелік орталықа пәндер бойынша сұраныс жібердік.Кесте бойынша бармаған мұғалімдер барып оқып келеді.



Мектептің аттестация комиссиясының құрамын бекіту




2019-2020 оқу жылындағы аттестатция жұмысының барысы

2019-2020 оқу жылында аттестатциядан кезектен тыс өтуге өтініш жазған мұғалімдер

  1. Информатика пәні мұғалімі Амраев Р
  2. Информатика пәні мұғалімі Джмуканова А
  3. Қазақ тілі  пәні мұғалімі   Шакоззова Г
  4. Биология пәні мұғалімі Туреханова Г

Осы аталған 4-мұғалім санаты бойынша өз құжаттарын жынап өздерінің құжатарына сайкес, педагог – модератор санатынан тестке барып тапсыратын болды.Тест онлайын электронды түрде Талдықорған қаласында өтетін болды.



2019-2020 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 4, 9, 10- сыныптар көшеді. 11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен оқитын болады. Нормативтік құқықтық база Жаңа оқу жылында: 1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі: ü ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі -МДТОМЖС); ü ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген 27- тамыз күні мектепшілік тамыз конференция өткізілді.

Мектепшілік тамыз күніне барлық мұғалімдер қатысып әдістемелік нусқаулықпен директордің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р Амраев оқып таныстырды.Тамыз кеңесінде бірлестік жетекшілерді тағайындап сонымен бірге жас мамандарға тілімгерлерді тағайындады.

Жаңартылған бағдарлама бойынша күн тізбелік жоспарларға оқу бағдарламалармен бірге ,түсінік хат болу керек деп бұйрық шығарылды.


Журналды толтыру тәртібі  бұл электронды журналды барлық мұғалімдер өз пәндері бойынша оқу бағдарламасына қарап  КТЖ үй тапсырмаларын, БЖБ және ТЖБ бағаларын өз уақтында толтырып  жатыр. Мұғалімдер өз пәндері бойынша КТЖ бекітіп болды.


Тіл айлығын өткізу бойынша әр пәнбірлестік жоспарға сай өтіліп жатыр қыркүйек айында Сөз өнері бірлестіктің апталығы болып өтті. Қазақ тілі бойынша баяандамалар, «Кім тапқыр» тақрыбында 8-10сыныптар арасында сайыстар болды. Ашық сабақтар өткізілді.Ұйғыр тілі бойынша векториналық сұрақтарды қойылды.Жауап берген оқушыларға сыйлықтар берілді.

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу барысында олимпиадаға сұраныс беру нәтежесінде яғни 8-11сыныптар арасында мектепшілік пәндер бойынша олимпияда 13-15 қараша аралығында болып өтті . Мектепшілік олимпиядан іріктеленіп 1-орын алған оқушыларды,аудандық пән олимпиядаға сұраныс береміз.












«М.Таипов атындағы орта мектебі 

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

КММ директоры  Е.Сқабыловқа

оқу ісі менгерушісі Р.Амраевтан 

2021-2022ж олқылықтардың өтілуі туралы


Анықтама


Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру – оқу сапасын арттыру

2021-2022 оқу жылының өзекті міндеттерінің бірі өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және білімін толықтыру болып табылады. Олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша жұмыс әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Әрине, бұл жұмыс маңызды және өте күрделі. Сондықтан білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша іс-шараларды жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу қажет.

Бірінші кезең: Кешенді диагностикалық жұмыс жүргізу. Тапсырмалар әзірлеу үшін алдымен өткен оқу жылында қарастырылған оқыту мақсаттарын (тақырыптарды) іріктеп алған дұрыс. Яғни, 5-сыныпқа арналған тапсырмалар білім алушылардың 4-сыныпта, ал 6-сыныпқа арналған тапсырмалар 5-сыныпта қарастырған оқыту мақсаттары негізінде құрастырылады және т.с.с. 1-кестеде 5-9-сыныптарға арналған тапсырмаларды құрастыру үшін алуға болатын оқыту мақсаттары/тақырыптар келтірілген

Екінші кезең: Жоспарлау. Екінші кезеңде жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар жасалады. 2-кестеде 5-9-сыныптардағы оқыту мақсаттарын кіріктіру мысалдары келесі кестеде келтірілген. Ал сәйкес келмеген оқыту мақсаттары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке немесе топтық жұмыс жоспарларын әзірлеу ұсынылады.

Үшінші кезең: Жүзеге асыру. Жүзеге асыру жұмыстарын сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақытта жүргізуге болады. Атап айтқанда, сабақтар кіріктірілген оқыту мақсаттарымен құрастырылған қысқа мерзімді жоспар негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, үшінші кезеңді ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа сабақтың алдында, каникул күндері (күзгі, қысқы, көктемгі), жазғы мектеп кезінде консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Мониторинг. Төртінші кезеңде білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмысты міндетті түрде талдау қажет. Талдауды әр тоқсанның соңында жүргізу ұсынылады. Сонымен, оқу процесінің басты міндеттерінің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүйелі түрде және оқу жылы бойы жүргізілуі керек. 



«М.Таипов атындағы орта мектебі 

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

КММ директоры Е.Сқабыловқа

оқу ісі менгерушісі Р.Амраевтан 

2021-2022ж Жас мамандардың 

жұмысының өтілуі туралы

                              Анықтама

«М.Таипов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  КММ-де   жас мамандан 3-мұғалім бар барлығы жоғары оқу орындарын бітерген . Абдурахимова Раушан-математика пәні бойынша тәлімгері Ахмуллаев Мухит  ,Нурова Анеля –ағылшын тілі бойынша тәлімгері Оспанбаева Гулзада, НУРОВА Дилраба-МАД тәрбиеші бойынша тәлімгері Махмутова Венера  жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалған. Жас мамандардың сабақ жоспарларын және сабақтарын тәлімгерлер бақылап отырады.Тәлімгерлер өздерінің сабақтарына қатыстырып жас мамандарға қалай әдіс тәсілдерді пайдалану керек екіндегін түсіндіріп, кері байланыс беріп отырады.