Ата-аналар жиналысының хаттамалары » М.Таипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Таипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)44531
Есепші бөлімі:
+7(72778) 44531
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2021

Ата-аналар жиналысының хаттамалары

Х А Т Т А М А    № 1


 2021 жылы 4   қыркүйек күні «М.Таипов атындағы орта мектебі мектепке  дейінгі   шағын орталығымен» коммуналдык мемлекеттік мекемесінде 

жалпы ата-аналар жиналыстары  болып өтті.


Қаралған мәселелер:

1. « Ата –ана құзіреттілігі»

 Мектепішілік ата-аналар комитетінің  атқарылған   жұмыстары туралы есебі.

    Ұ.Мұқаджанова, Р.Азмаметова .

2.  «Жаңа оқу жылының міндеттері», /мектеп формасы, тәртіп, сабаққа қатысу  туралы /

 ДТІЖО М.Шормақов      

3. «Оқу жылына мектепішілік ата-аналар комитеті құрамын сайлау».

4. «Ата-ана мен баланың қарым қатынас психологиясы» педагог- психолог Г.Сатиева 

5. Ағымдағы  мәселелер 

Тыңдалды:

      1. Қаралған 1 мәселе бойынша ата-аналар жағынан  мектепішілік ата-аналар  комитетінің   төрайымы  Р.Азмаметова,  Ұ.Мұқаджанова   мұшесі сөйлеп,  2020-2021оқу  жылында   ата-аналар  комитеті  жағынан   атқарылған  жұмыстары  туралы   кең  көлемде тоқталып өтті.  Өз   сөзін  жалғастырып, ауылдағы коммерциялық дүкендерде  темекі  және   спирттік  ішімдіктерді  жоғарғы тіпті   төменгі сынып оқушыларына да сатыла беретіні, оны ауыл әкімдігі  жағынан қадағалауды  күшейту керек екендігін айтты. Сөйлеушілер өз сөздерінде үйде өз балаларын қадағалап,   әсіресе үлкен  сынып оқушыларының  түнгі  кезде   көшеге шығармауларын сұрады.Екі жақты бірыңғай талап болғанда ғана мектеп пен  ата-аналар  арасында тығыз  байланыс   болатындығын   айтып  өтті. 

 2. Қаралған 2 мәселе бойынша  ДТІЖО М.Шормақов 1-11 А,Ә сыныптарында сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары өткізіліп, онда  «Жаңа оқу жылының міндеттері», «Мектеп формасы», «Оқулық пен қамтамасыз етілу жайлы» ескертілді. Мектеп оқушылары мектеп өміріне байланысты мектеп формасы, оқушының сабаққа  кешігуі, ата-ана мен сынып жетекші арасындағы жағдаяттарды көрініс түрінде көрсетті. Осы жағдаяттарға байланысты сынып жетекшілер және ата-аналар өз пікірлерін ортаға  салды.Тәрбие ісі меңгерушісі Ш.Хавайдуллаев   жиналыста сынып жетекші мен ата-аналар үшін маңыздылығын, күнделікті мектеп өміріне байланысты көрсетілген жағдаяттар, әсіресе оқушылардың мектеп формасын киюі мектепте оқушылардың ұялы телефонға байланысты мәселесі, осының барлығы бірінші күннен бастап сынып жетекші ата-анаға айтып жеткізеді, келісім шартқа қол қойдырады. Осындай міселелерді ата-анамен мектеп бірлесе отырып шешуі керек. «Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз  тәжірибесі жетіспейді. Басқа да адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай бүгін бала тәрбиесіне байланысты ойымызды ортаға салып, пікір алмастырып, бір бірімізден үйреніп отырмыз. Бір-біріне қамқор қайырымды ұрпақ  тәрбиелеу және адамгершілігі мол асыл қасиеттерді бойына сіңіру біздің міндетіміз.

  Оқулықтар мен қамтамасыз етілу жайлы мектеп кітапханашысы М.Имирова әр-бір сынып жиналысына қатысып, 2021-2022 оқу жылында таңдап алынған бағыттар бойынша оқулықпен қамтылу жайлы ескертіп, жоқ  немесе келмеген, жетіспейтін оқулықтарды кітап дүкендерінен ата-аналардың өз ақшаларына сатып алулары керектігі ескертілді. Мектептен берілетін оқулықтар тек жетім, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына ғана берілетінін айтты.

      2. Қаралған 3 мәселе бойынша   жалпы  мектепішілік   ата-аналар комитеті құрамы сайланды. Олардың құрамы 7 адамнан (төрағасы,5  мүшесі, хатшысы) ата-аналар жиналыстарында бекітілді.

Сонымен қатар әрбір сынып ата-аналар комитетінің төрағалары жалпы мектеп бойынша ата-аналар кеңесіне мүшелікке ұсынылды. 

   Қаралған   мәселе бойынша 1-11 сыныптардағы ата-аналар комитет кеңес мүшелері және мектеп әкімшілігі арасынан ұсынылған 7 адам, атап айтқанда:

1. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы – Азмаметова  Рахиләм,

2.Ұ.Мұқаджанова  – мүшесі, ауыл тұрғыны

3. М.Шормақов  – мүшесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

4.  Ж.Сағатбекова -  мүшесі, ауыл тұрғыны,

5. Р.Хавайдуллаев  – мүшесі, әлеуметтік –педагог,

6.  Э.Махпиров - мүшесі- құқық кеңесінің төрағасы,хатшысы

7. З.Хлалова  - мүшесі - ауыл тұрғыны

Мектеп бойынша жалпы  ата-аналар комитет кеңес мүшелігіне ұсынылды.


Қаралған 4  мәселе бойынша педагог-психолог  Г.Сатиева  шығып сөйлеп, 

Облыстық білім басқармасының  кәмелетке толмағандар арасында Суицид  жағдайларының алдын алу туралы таныстырып өтті  Өзіне-өзі қол жұмсау – философиялық( өмірдің мәнін жоғалту, психологиялық ( психологиялық теріс бейімделу,фрустрация),әлеуметтік( әлеуметтік жағынан өз орнын тапппау,қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б),медициналық( күрделі ауру психикасының бұзылуы),адамгершілік және құқықтыұ проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі,көп қырлы феномен. Аталмыш мәселенің  жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім .Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау , айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы,міне осы және т.б себептерден өскелең ұрпақ   арасында суицид мәселесі артып отыр.

         Суицидтің алдын- алу үшін ата- аналар, мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер,салауатты өмір салтын  қалыптастырушы мамандар бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек.Яғни ең алдымен алдын- алу жұмыстары жасалу қажет. Жасөспірімдер не жастар арасында осы тақырыпта дәрістер әңгімелесулер сұхбаттасулар кеңес беру сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.Балалар мен жасөспіріәмдер арасындағы суицидтің алдын – алу шаралары туралы .Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет .Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан икүйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болрады, сонымен қатар психикалық аурулармен ,көңіл-қүй бұзылыстармен,әсіресе депрессиямензардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып икеледігі  туралы айтып   өтті


Жалпы ата-аналар жиналысы төмендегі шешім қабылдады:

Шешім:

1. Мектепішілік ата-аналар комитетінің  атқарылған  жұмыстары   қанағаттанарлық деп  табылсын..

2. «Жаңа оқу жылының міндеттері», «Мектеп формасы», «Оқулық пен қамтамасыз етілу жайлы» айтылған пікірлер мен ұсыныстар оқу жылында басшылыққа алынсын.

3. Мектеп бойынша жалпы  ата-аналар комитеті  төменгі  құрамда :

1. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы – Азмаметова  Рахиләм,

2. Ұ.Мұқаджанова  – мүшесі, ауыл тұрғыны

3. М.Шормақов  – мүшесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

4.  Ж.Сағатбекова -  мүшесі, ауыл тұрғыны

5. Р.Хавайдуллаев  – мүшесі, әлеуметтік -педагог,

6. Э.Махпиров - мүшесі- құқық кеңесінің төрағасы,

7. З.Хлалова  - мүшесі - ауыл тұрғыны   бекітілсін.

4.  «Ата-ана мен баланың қарым қатынас психологиясы» тақырыбында педагог- психолог Г.Сатиеваның айтылған пікірлер мен ұсыныстар оқу жылында ескерілсін.



Жиналыс  төрағасы , 

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                        Ш.Хавайдуллаев 


                                                                                                                                      

                                 Хатшысы                                                            Э.Махпиров                                                    



Х А Т Т А М А    № 2


16 қазан  2021 жылы «М.Таипов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 

1-11 А,Ә сыныптарының жалпы ата-аналармен  құқық қорғау органы  қызметкері 

 участкелік   инспектор полиция лейтенанты Әлжаппар Ерболатпен   кездесу  болып өтті.


Қаралған мәселелер:


1. “Құқықтық тәрбие берудегі отбасының ролі“ баяндама

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   М.Шормақов

2. «Өзіне-өзі қол жұмсау» (Суицид) оқиғасының алдын алу шарттары. 

       Педагог-психолог    Г.Сатиева

3.  Участкелік  инспектор полиция лейтенанты Әлжаппар Ерболатпен    ата-аналардың        сұрақтарына жауап беруі 

4.  Ағымдағы мәселелер / Мектепішілік есепте тұратын балалардың ата-аналарыемн            сұхбат өткізу/


Тыңдалды:


Қаралған 1 мәселе бойынша мектеп бойынша жалпы  ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   М.Шормақов  «Құқықтық тәрбие берудегі отбасының ролі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада бүгінгі таңда бала тәрбиесіндегі олқылық- кемшіліктердің аз емес, тіптен көбейіп бара жатқандығы, жоғары сынып оқушыларының ата-аналары ұл, қыз, тәрбиесіне мектеп, ондағы мұғалімдер жауапты деген сыңаржақ ойға берілетіндігі, күнкөрістің күйбеңімен өз парыз – міндеттерін ұмытып отырғандары айтылды. Бала тәрбиесін тек мектепке аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық   ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жүргізу керектігі ескертіліп,  бала тәрбиесіндегі ата-аналар мен мектеп мұғалімдері арасындағы ынтымақтастық, педагогикалық  этика жайлы баяндалды.   

Қаралған 2 мәселе бойынша педагог-психолог    Г.Сатиева  шығып сөйлеп, 

Облыстық білім басқармасының   кәмелетке толмағандар арасында Суицид   жағдайларының алдын алу туралы таныстырып өтті. Онда облыс көлемінде белең алып отырған өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының бүгінгі күнде көбеймесе азаймай отырғанын, айта келе «Жасөспірімдердің суицидттік мінез-құлқының алдын алу», «Девиация типтері және девиантты  мінез-құлықтың пайда болуы» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді. 

    Қаралған 3 мәселе бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Хавайдуллаев  сөзге шығып, баланы тәрбиелеуде бір ғана отбасының алатын орны ерекше деп қорытынды шығыруға болмайтынын, отбасылық тәрбие проблемасын шешу отбасымен  мектептің тікелей міндеті екенін айта келе,  ата-аналарды  білім мен тәрбие процесін іске асыруда өзара бірігіп күш салысуға, нәтижелі жұмыс істеуге шақырды. Әр-бір ата-ана балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеулері тиіс екенін ескертті

   Кездесу соңында  участкелік  инспектор полиция лейтенанты Әлжаппар Ерболат    ата-аналардың өздерін толғандырып жүрген  сұрақтарына толык  жауаптар   беріп, құқықбұзушылыққа   қандай  әрекеттердің алып  келетінін, оның  алдын   алу  үшін бірлікте жұмыс істеу  керек екенін  айтып өтті . 

 Ағымдағы   мәселе бойынша ата-аналар жағынан  мектепішілік ата-аналар  комитетінің   төрайымы  Р.Азмаметова   өз   сөзінде   ауылдағы коммерциялық дүкендерде  темекі  



және  спирттік  ішімдіктерді   жоғарғы тіпті  төменгі сынып оқушыларына да сатыла беретіні, оны ауыл әкімдігі  жағынан қадағалауды  күшейту керек екендігін айтты. Сөйлеушілер өз сөздерінде үйде өз балаларын қадағалап,   әсіресе үлкен  сынып оқушыларының мотоцикл колігін  жүргізуі және түнгі  кезде  көшеге шығармауларын сұрады.Екі жақты бірыңғай талап болғанда ғана мектеп пен   ата-аналар  арасында тығыз  байланыс   болатындығын   айтып  өтті. 


Жалпы ата-аналар жиналысы төмендегі шешім қабылдады:

Шешім:


1. «Құқықтық тәрбие берудегі отбасының ролі» атты баяндамада қамтылған тұшымды пікірлер мен ұсыныстар оқу жылында ескерілсін.

2. Мектеп психологы Г.Сатиеваның  «Жасөспірімдердің суицидттік мінез-құлқының алдын алу», «Девиация типтері және девиантты   мінез-құлықтың пайда болуы» тақырыбында айтқан пікір, ұсыныстары өмірде ескерілсін. 

3. Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Ш.Хавайдуллаевтың   және участкелік   инспектор полиция лейтенанты Әлжаппар Ерболат   Нурғали Дастанның   ұсыныс, пікірлері  оқу және тәрбие үрдісінде басшылыққа алынсын.


 Жиналыс  төрағасы,

директордың тәрбие ісі   жөніндегі орынбасары                                Ш.Хавайдуллаев


                                            Хатшы:                                                          Э.Махпиров













Х А Т Т А М А    № 3


  18   қараша  2021  жылы 


  Мектепішілік   ата-аналар  жиналысындағы


«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі  жауапкершілігі»  , «Отбасында   балаға  қаншалықты көңіл  бөлінеді » тақырыбындағы 

коучинг -  сессияның жоспары


Коучтың аты-жөні – директордың тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасары  Ш.Хавайдуллаев

Педагог-психолог  Г. Сатиева

Тақырыптың атауы   «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі  жауапкершілігі»  


                  Мақсаты: Ата-аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерінің қаншалықты маңызды екендігін және де мектептегі мұғалімдермен байланыс жасай отырып,келешек ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік атқаратын міндеттерін толығырақ ұғынып,бірлесе отырып жұмыс жасауға, Отанымызды көркейтуге атсалысатын кемел де кемеңгер ұрпақ болар иманды ұл,инабатты қыз тәрбиелеуге шақыру.


Күтілетін  нәтиже: Ата-ана мен мектеп арасындағы байланыстың жанданып, білім –тәрбиеде ең жақсы нәтижелерге бірлесе отырып қол жеткіземіз! 



Көрнекілік – апта ресурстары, флипчарттар, маркерлер,   стикерлер, / әр түсті/, видеоролик.


                                                  Жиналыс  барысы






Жиналыс  кезеңдері


Коуч/жаттықтырушы,үйретуші/ пен  коучинг/семинар, тренировка, сессияға /жиналысқа/ қатысушылардың 

іс-әрекеттері




Уақыты





1





Ұйымдастыру


а/Коуч  коучинг сессияның тақырыбы мен мақсатын  түсіндіру.

б/Топқа  бөлу /Тәрбие , ата-ана, бала, ұстаз  сөздері бар  нақыл сөздермен бөлу/ 

в/Видеоролик  көрсету/ата-ана мен бала, ата-ана мен ұстаздар немесе бала мен мұғалімдер туралы   видеоролик көрсетіліп, ортасынан үзіледі де одан әрі оқиға қалай өрбитінін ата-аналар өздері оқиғаны жалғастырады, ойлануға 5 минут уақыт беріледі.

10-15 жастағы  жасөспірімдердің физиологиялық  және психологиялық өзгерістер кезіндегі ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жібіретін қателіктері   туралы видеоролик  көрсетіліп, Сіздер қандай қателіктер жібердіңіздер? – деген  сұраққа  Ата-аналар     постер  қорғау  арқылы жауап  беруге     тырысады.




15 минут

















I

Ассоциация құру

«Үздік , жақсы ата-ана     дегенді  қалай  түсінесің?»

/Төмендегі берілген  ата-ана/ оқушы / образын ашу керек.Тапсырма  аяқталған соң топтар бір-біріне «1,2,3» шапалақтары     арқылы баға  береді/ 

1/ Алакөз ата-ана/ оқушы /

2/ Арызқой ата-ана/ оқушы /

3/Еріншек ата-ана/ оқушы /

4/Ұрыншақ ата-ана/ оқушы /  т.б ....





15 минут



II



Қызығушылығын ояту


Сергіту сәті. «Тұлғаны анықтаудың     тибеттік әдісі» Психологиялық     тренинг



3 минут


III


Топтық  жұмыс



Ата –ананың зейінін тексеру







IV






Постер  қорғау


1/«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі»  Ата-ананың     бейнесін сала отырып , өздерінің     өзекті мәселелерін шешу  және алдын алу жұмыстарының тиімді  жолдарын көрсету . «2 жұлдыз, 1 тілек     стратегиясы арқылы бағалау» Әр түрлі сызба тіректерді, Венн диаграммасын пайдалануға болады.

2/Мағынаны тану

 Ата-аналар     «Сенім», «Бала», «Мейірім» деген үш     топқа  бөлінеді. 

Тапсырма:

Видеороликтеді баяндалған  сюжетке негізделіп, әр бір топ постер  қорғайды. Постердің мақсаты «Ұстаздар», «Бала», «Ата-аналар» дың видеороликтегі проблемаға көз қарасы , оны  болдырмау және шешу жолдары.






25 минут






2






Интервью


Топтар  тапсырма бойынша жұмыс жасап  жатқанда  коуч 1 топтың мүшесінен төмендегі сұрақтар бойынша  интервью алады

  • Коучинг сіздерге ұнады ма? Дәлел
  • Ұтымды  жерлерін     атаңыздар
  • Көтеріліп  жатқан     мәселелердің Сіз үшін қандай     маңызы  бар деп ойлайсыз?
  • Осы бағытта тағы не  білгіңіз     келеді?
  • Топпен  жұмыс кезінде Сіздің  қандай әрекеттер атқардыңыз?
  • Өз  жұмысыңызға     қанағаттанасыз ба?







10 минут


3


Ой -толғаныс


«Ақылдың 6  қақпағы» бойынша кері байланыс ұйымдастыру



3 минут