Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы » М.Таипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Таипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)44531
Есепші бөлімі:
+7(72778) 44531
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2022

Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы

                                                               Х А Т Т А М А  № 1    


 «М.Таипов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық кеңесінің отырысы 

1 жарты жылдық отырысының хаттамасы


Қатысушылар:

Е.Сқабылов – мектеп директоры

М.Шормақов  - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ш.Хавайдуллаев - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Е.Аргынбаев – Кеңес төрағасы және кеңес мүшелері


Күн тәртібінде:


1.Кеңес құру мақсаты мен оның мүшелерінің міндеттерін айқындау, түсіндіру жұмысы, кеңес құрамы бекіту, тексеру комиссиясын құру .

2.Жоспарын жасау, бекіту.

3.Оқушылардың өмір мен денсаулығын қорға мақсатында  жалпы ұлттық ата – аналар жиналысы.

4.Білім беру қызметінің сапасы.


                                                     Тыңдалды:


Бірінші мәселе  бойынша директордың тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары М.Шормақов сөз алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылы 22 қазандағы №501 бұйрығы, ҚР «Білім  туралы» Заңы 44 –бабының 9-тармағына сәйкес Қамқоршлық қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы бұйрығын іске асыру мақсатында мектебімізде « Қамқоршылық кеңесі» ата –аналар тарапынан құрылуда. Қамқоршылық кеңес білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаржыландыруға көмектесу үшін құрылған демеушілердің еркін тбірлестігі болып табылады. Демеушілердің жалпы жиналысының шешімі бойынша және комерциялық емес   ұйымдар туралы заңдылық сақтай отырып, қамқоршылық кеңесі заңды тұлғалық коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеледі. Қамқоршылық  кеңесі демеушілердің біріккен  қорының қаржысы мен мүлкін пайдалану жөніндегі шешім қабылдау арқылы қатыса алады. Сондай – ақ, қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаты, ережесі, атқаратын жұмысы, міндеттері туралы түсіндіріліп өтті. Кеңес төрағасы болып Е.Арғынбаев  тағайындалды. Д.Барманбекова комиссияның мүшесі,  – кеңес мүшесі, Ш.Худайкулов кеңес мүшесі, Р.Азмаметова – кеңес мүшесі, И.Жамалов  - кеңес мүшесі, М.Хевизов – кеңес мүшесі, А. Бекбатыров– кеңес мүшесі, Һ.Аметов– кеңес мүшесі,С.Сонурова– кеңес мүшесі болып сайланды. Кеңестің жылдық жоспары бекітілді.

Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары Ш.Хавайдуллаев  сөз алып, отбасы тәрбиесініңи негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесіи биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбеқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата –ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керектігін айтып, осы мәселелер бойынша түрлі сауалнамалар алынды.

Үшінші мәселе бойынша Е.Сқабылов білім беру қызметінің сапасына тоқталып, білім сапасының оқытылуы деңгейі қанағаттанарлық екенін айтты. Білім сапасын арттыру сақсатында әр тоқсан сайын сыныптардан сараптама жұмыстары алынып, салыстырмалы түрде бағаланды..


Шешім


1..Кеңес төрағасы болып  Е.Арғынбаев тағайындалды. 

Р.Махаметова – хатшы, Д.Барманбекова комиссияның мүшесі,  – кеңес мүшесі, Ш.Худайкулов кеңес мүшесі, Р.Азмаметова – кеңес мүшесі, И.Жамалов  - кеңес мүшесі, М.Хевизов – кеңес мүшесі, А. Бекбатыров– кеңес мүшесі, Һ.Аметов– кеңес мүшесі,С.Сонурова– кеңес мүшесі болып сайлансын. 

2.Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жүйелі түрде жүргізілсін.

3.Оқушылар өмір қауыпсіздігіне байланысты тәрбие сағаттары өткізілсін.

4. Білім сапасы қанағаттанарлық деп саналсын.


Мектеп директоры                                                                Е.Сқабылов


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                         М.Шормақов


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                        Ш.Хавайдуллаев


Кеңес төрағасы:                                                                   Е.Арғынбаев


Кеңес хатшысы                                                                    Р.Махаметова